Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
09.04 2025 жылы медицина факультетінің базасында химия және металлургия саласындағы ғалым Евней Арстанович Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Жастар және ғылым-2025: заманауи сын-қатерлер және оларды шешудің ғылыми тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның «Медицина мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту» секциясы өтті.
Конференция қатысушыларына медицина факультетінің директоры И.М. Стогниев және «Клиникалық пәндер» кафедрасының доценті, м.ғ.к. М.Д. Мурзабаева сөз сөйледі.
Өз жұмыстарын жіберіп, бакалавриат студенттері мен дәрігер-интерндер қатысты. Секция жұмысы барысында денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы мәселелері, кейбір ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі жұмыстар тыңдалып, медицина қызметкерлерінің эмоциялық интеллект мәселелері және медицинаға жасанды интеллект енгізу перспективалары қаралды.
