Сөздәйектер галереясы
Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.
Қажырлы еңбектері үшін марапатталды
Салтанатты түрде ЖОО-дағы директорлар  Кеңесінде оқытушылар мен қызметкерлер «Білім беру ісінің құрметті  қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
ПОҚ педагогикалық және ғылыми  біліктілігін арттырудағы, білім беру жүйесіндегі мамандарды қайта  даярлаудағы, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастырудағы табыстары,  материалдық-техникалық базаны нығайтудағы қызметі үшін марапатталды:
1. Зәуре Картова, ТЭҚФ деканы;
2. Айнагүл Саржанова, ПФ деканы.
Сабақтарды  ұйымдастырудың белсенді нысандары мен әдістері, білімді бақылау және  оқу үдерісіне енгізілген жаңа интерактивті технологиялар үшін  марапатталды:
1. Алма Мұрзалинова, п. ғ. д., педагогика және психология кафедрасының профессоры;
2. Денис Зернов, п.ғ. к., дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы.
Ғылыми-зерттеу  қызметін басқарудағы табыстары, республикалық және халықаралық білім  беру және ғылыми-техникалық жобалардағы жетістіктері, білім берудің  өзекті мәселелері бойынша зерттеулері, оқу әдебиеті мен жабдықтарын  әзірлеудегі жетістіктері үшін марапатталды:  
1. Андрей Солодовник, математика және физика кафедрасының профессоры. 
2. «Еңбек ардагері» медалі- Надежда Солодовник, математика және физика кафедрасының ғылыми қызметкеріне табысталды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!

 
             
             
             
             
            