Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Гимнастикалық шоу – 2024
Жыл сайын университет қабырғасында өтетін Гимнастикалық шоу облыстың түкпір-түкпірінен жанкүйерлерді жинайды. Биыл«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 65 жылдығына орай 34-ші рет өткізіліп отыр. Оған барлығы 4 команда қатысты.
Спортшылар күш, жылдамдық, ептілік, икемділік, пен өзара командалық ұйымшылдықты көрсете білді. Қатысушылар топтық және командалық эстафетада, сондай-ақ жеке тапсырмалар бойынша жарысты.
Көркем және акробатикалық гимнастика, степ-аэробика, street workout жастарының және «Sensitive» бишілер ұжымының қойылымдары іс-шараның көркін келтірді.
Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша :
Жеңімпаздар – Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің командасы;
2 орын – Қозыбаев университетінің командасы;
3 орынды ҚР Ұлттық ұлан Академиясы мен Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі иеленді.
Гимнастикалық шоу жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 
             
             
             
             
             
             
             
             
             
            