"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

экологиялық жастар марафоны

"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұрғындарына белгілі Мещанское орманында өтті. Акцияға "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КеАҚ Агротехнологиялық факультеті "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" ББ студенттері қатысты. "Үздік капитан" номинациясы бойынша марафон жеңімпазы Есенғараев Тимур бағалы сыйлыққа ие болды!Қазір біздің студенттер СҚО орман шаруашылықтары мен кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде.  Олардың қала мен облыстың өміріне араласып, белсенді қатысқаны қандай керемет!

17.09.2024