"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Бір нәрсені жақсы жасаудың жалғыз жолы - сіз істейтін ісіңізді сүю

Стив Джобс

70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

Өткен аптада тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. Емтихан  ұлты қазақ шетел азаматтары мен ҚР азаматтарын дайындық бөліміне қабылдау үшін ұйымдастырылды. Жалпы 70-тен аса өтініш түсті. 

Алыс-жақын шетелдегі қандастар Zoom және WeChat платформалары арқылы тапсырды. Ал Иран және Қытайдан келген 3 үміткер офлайн форматта қатысты. Тыңдаушылар қатарын Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Айтып өткен жөн, биылғы оқу жылында Foundation факультетіне барлығы 70 грант бөлінді. 50-і Қытай, Иран, Өзбекстан, Моңғолия шетел азаматтарына және 20-сы Қазақстан Республикасының азаматтарына.

16.09.2024