Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Аризона Университетінің өкілдері қаламыздың оқушыларымен кездесті
Оқушылар сарайында АУ өкілдерімен Петропавл мектептерінің оқушыларымен кездесу өтті. Шараға 200-ге жуық жастар қатысты. Оларға Аризона университетінің: білім беру бағдарламалары, кампус, ғылыми әзірлемелер туралы айтылды. Айтып өткен жөн, бұл университет NASA-ның планетарлық миссияларына қатысады және астробиология, инженерия, медицина, биотехнология бойынша жобаларды жүзеге асырады. Спикерлер бірлескен екі дипломдық бағдарламалар бойынша грантта оқып жатқан студенттер туралы айтып өтті. Биыл олардың саны 500-ге жетті. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі және жетінші семестрде Аризонаға оқуға жіберіледі. Оқушылар оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, Тусондағы негізгі кампус пен халықаралық бағдарламаларға түсу шарттары туралы белсенді сұрақтар қойды.
