"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.

Ш.Айтматов

Көрісу күні құтты болсын!

Наурыз мейрамының бастауы - Көрісу. Бұл күні адамдар бір бірімен көрісіп, қауышады және ақсақалдармен сәлемдесіп құрмет көрсетіледі.

Қозыбаев университетінің қызметкерлері, ұзақ жылдар бойы ЖОО-да жұмыс істеген университет ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтады: Күләш Тактағанқызы Байтенизова, Виктор Владимирович Кривошеев, Иван Егорович Шнитко, Мая Ислямқызы және Серік Бекеевич Ғабдулин. 

Көпшілігі үшін Солтүстік Қазақстан университетіндегі қызметтері-отбасылық дәстүр. Ата-аналардың ізімен, отбасылық әулетті жалғастырып келе жатқан балалары, туыстары бүгінде әріптестеріміз. Ал немерелері білім беру бағдарламаларында оқиды.

Дастархан басына дәмді бауырсақтар ұсынылып, естелік кәдесыйлар табысталды. Олар ЖОО-ның дамуы туралы өз көзқарастарымен бөлісіп, студенттер мен оқытушыларға табыс тіледі.

15.03.2024