Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Студенттер мен оқытушылар үшін Түрік тілін үйрену топтарына қатысуға ниет білдірушілерді қабылдау туралы
М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ студенттері мен оқытушылары үшін түрік тілін үйрену топтарына қабылдау жарияланды.
Сабақ 2023 жылдың 13 қарашасынан басталады. Өткізілетін орны: №3 оқу ғимараты, 246 аудитория.
Оқытушыларға арналған сабақтар аптасына екі рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері (08.30-10.20) өткізіледі.
Студенттерге арналған сабақтар аптасына бір рет дүйсенбі күні (16.50-18.40) өткізіледі.
! Топтағы адамдардың саны шектеулі! (екі топтан алғашқы 25 өтінім қабылданады)
Курсқа жазылудың соңғы мерзімі: 2023 жыл 10 қараша, сағ.15.00-ге дейін.
Топқа жазылу үшін мұғалімдер сауалнаманы сілтеме арқылы толтыруы керек
Студенттер тобына жазылу үшін сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет
