"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім - бәрі ұмытылғаннан кейін баста қалатыны

Даниил Александрович Гранин

Лудомания деген не?

Оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға құныққан жастар саны көбеюде. Қоғам дертіне айналған Лудомания - бүгін өзекті тақырыпқа айналды. «Центр Личности» психологиялық орталығының жетекшісі Дмитрий Агапов, университетіміздің психологиялық орталығымен бірлесіп студенттермен профилактикалық кездесуде, дертке шалдығудың себептері мен салдарын талқылады.

«Менің міндетім – білім алушылар арасында осы мәселе туралы дұрыс ақпарат беру. Шындығында, ойынға деген құмарлық бүгінгі күннің өткір әлеуметтік мәселесі. Мұнда алдымен, мінез-құлықтың  бұзылуы байқалады. Дертпен күресу жолында психиатр-нарколог, клиникалық психолог мамандары жұмыс істейді. Өзгеге еліктеймін деп лудомания дертіне шалдықпаңыз»,- деп  психолог маманы кеңес берді.

Спикердің айтуынша лудоманияға тәуелділік жастарда бос уақыттың көптігінен туындайды. Осы орайда студенттерді құмар ойынға салынып, уақыттарын бос өткізбей, пайдалы істер жасауға шақырды.

11.10.2023