"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Д.И.Менделеев

Педагогикалық факультет жеңіске жетті

Университет Спартакиадасы аясында студенттер арасында қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар аяқталды. Сайыс спорттың  екі түрі бойынша өткізілді: шаңғы жарысы және күш жаттығулары: тартылу(ұлдар), серпіліс (қыздар).

Көпсайысшылар төзімділік және жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар университет құрамасын қалыптастыру үшін дарынды спортшыларды анықтау болды.

Нәтижесінде командалық есепте 1 орынды ПФ, екінші орынды– ТЭҚФ, үшінші орынды – ТжӘИ иеленді. Жеке біріншілікте Юлия Безушко (гр.ФКНВП-21) және Аман Рахметов  (гр.ФКС-21)озып шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

15.03.2023