Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
В.А.Сухомлинский
Алғыс айту күні
"Практикалық қазақ тілі" кафедрасының оқытушылары студенттермен "Алғыс айту" күніне байланысты тақырыптық сабақтар өткізді. Қазақ тілі пәнін оқитын білім алушылары жалпы тақырып бойынша сурет салу, оған әр түрлі тақырып беру арқылы өз пікірлерін ауызша әңгіме ретінде баяндады. Сонымен қатар сабақ сайыс түрінде де өткізілді. Сөйтіп, үш тілде студенттер ата-анасына, ұстазына, достарына, елімізге бақыт тілей отырып, шын жүректен алғыс білдірді.

Кафедра пқт
01.03.2023
