"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Докторант Д. Ж. Абдреисованы ғылыми жобалар байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

 

Жыл басында Жас ғалымдар кеңесі Ғылым департаментімен бірлесе отырып, М.Қозыбаев атындағы СҚУ жас ғалымдары үшін басқарма Төрағасы - Ректор грантына жыл сайынғы ғылыми жобалар конкурсын жариялады. Ережеге сәйкес оған 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және ПОҚ қатысады. Барлығы 12 өтінім берілді, оның ішінде ТЭжҚФ-тен 3 өтінім.
Конкурс жеңімпаздарының бірі Э-д-20 тобының докторанты Абдреисова Диана Жақсылыққызы жоба тақырыбымен: «Қазақстан Республикасындағы фриланс саласының жай-күйі мен даму перспективалары» болды.
Диананы құттықтаймыз, мұнымен тоқтап қалмай, жаңа шыңдарды бағындырып, докторлық диссертацияны тезірек қорғауды тілейміз!

 

22.02.2023