Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
ТЭжҚФ-те профессорлық-оқытушылық құрамы "Болашақ" филиалының атқарушы хатшысы А. В. Зельмен кездесу өтті.
2023 жылғы 17 қаңтарда тарих, экономика және құқық факультетте профессорлық-оқытушылық құрамы "Болашақ" филиалының атқарушы хатшысы А. В. Зельмен кездесу өтті. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамын «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір!» жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы ақпараттандыру барысында жиналғандарды партия құрылымдарының 2022 жылғы жұмысымен таныстырды. Өңіріміздегі ғылыми зиялы қауым өкілдерімен кездесуде қала тұрғындарын толғандырып жүрген бірқатар мәселелер көтерілді. Мысалы, қалалық жалпы білім беретін мектептерге, медициналық мекемелерге кіреберіс жолдардағы қарды коммуналдық қызметтердің сапасыз тазалауы, т.б.
