"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі; мұның бәрі – зор қоғамдық сипат.

Әлкей Марғұлан

Спортшыларымыздың алар асулары алда

Студенттеріміз арасында волейболдан турнир аяқталды. Жарысты «Сұңқар» спорт клубы ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған Студенттік спорт лигасы аясында өткізді. 7 факультеттен құрамалар екі топшаға бөлініп, сайысқа түсті. Ойындар бір апта бойы жалғасып, үздіктер финалда күресті.

Тартысты жарыста  ПФ құрамасы 1 орынды жеңіп алса, 2 орын АФ командасына бұйырды. Ал  3 орынды ТЭҚФ спортшылары иеленді. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

19.12.2022