Сөздәйектер галереясы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
Оқушылар сарайында көшпелі сабақ
"Азық-түлікті сақтау және консервілеу технологиясы" пәні бойынша кафедра оқытушысы М.С. Мыктабаева "Азық-түлік өнімдері технологиясы" ББ 3 курс студенттерімен Оқушылар сарайында практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер зертханалық жабдықтармен танысып, тамақ өнімдерінің физикалық-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша сынамалар дайындап, талдау жүргізді.Мұндай көшпелі практикалық сабақтар студенттерге білімдерін кеңейтуге және зертханаларда практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.Оқушылар сарайының басшылығына жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз.
|
|
Кафедра ақ
13.12.2022
