Сөздәйектер галереясы
Мәдениет дегеніміз – адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі; мұның бәрі – зор қоғамдық сипат.
Республикалық «Зерде» ғылыми жұмыстар байқауына қатысу
2022 жылдың 4 қарашасында Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қабырғасында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын және бастауыш және орта мектеп оқушыларының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Нұрпейісова А.Х. және Комкина Т.М. осы іс-шараға «Медицина және психология» бағыты бойынша қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысып, 16 сайыскердің жұмысы бағаланды.
Балалар өздерінің ізденістерін де, шығармашылық қабілеттерін де көрсетті. Жеңімпаздар 2023 жылдың қаңтарында өтетін байқаудың финалдық кезеңіне қатысады.


