Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон
Студенттердің театрландырылған қызметі
Ағымдағы жылғы қазанның 29-ы "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасының студенттеріне "Мектеп жасына дейінгі балалардың сахналау іс-әрекеті" пәнінің тәжірибелік сабағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өткізілді. Сабақ барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, сахнада өзін-өзі ұстау ерекшеліктерімен танысты. Оған қоса, театрдың білікті актрисалары ұйымдастырған тренгингтерге қатысты.


Кафедра бжмдббтә
10.11.2022
