"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Қандай ғылым болса да, ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.

Әл-Фараби

Жүзуден кіл мықтылар

Жүзуден университет  чемпионаты оқу ордамыздың 50-ден астам студенттерінің басын қосты. Бұл жолы 6  құрама жиылған. Үміткерлер 50 метрлік қашықтықта брасс, шалқалап жүзу, алдыңғы кроль әдістері бойынша күш сынасты.

Сонымен қатар чемпионат бағдарламасына  қысқа  қашықтықта еркін жүзу бағдарламасы бойынша қыздар , ұлдар 4*50 метрлік аралас эстафетада жарысты. Тартысты дода қорытындысы бойынша: жалпыкомандалық есепте 1 орын  Педагогикалық факультетке бұйырса, 2 орын ТЭҚФ еншісіне тиді. Ал, үздік үштікті  ИСТФ  тұйықтады.

29.04.2022