Сөздәйектер галереясы
Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.
профориентация
Болашақ мамандықты таңдау мәселесі қазір біздің облыстың әрбір оқушысының алдында тұрған мәселе. Аграрлық бейіндегі білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығында ең сұранысқа ие болып табылады! Агротехнологиялық факультеттің студенттерін қызықты оқу, басқа елдерге тағылымдама, қызықты халықаралық сапарлар, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен елеулі іскерлік байланыстар, магистр дәрежесіне оқуды жалғастыру мүмкіндігі, ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу және табысты мансап күтеді!Агротехнологиялық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қала оқушыларымен белсенді түрде кездесулер өткізеді, біз талапкерлерді қызықтыратын барлық өзекті сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Осы аптада Петропавл қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ, «№40 орта мектеп» КММ, «№13 орта мектеп» КММ, «№27 орта мектеп» КММ, «№12 орта мектеп» КММ, «№6 орта мектеп» КММ, «№20 орта мектеп» КММ мектептеріне барды.
