Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
СҒҚ көрмелері байқауында табыс тілейміз!
А.Леонтьеваның жетекшілігімен "Қазіргі лингвистиканың өзекті мәселелері" студенттік ғылыми қоғамы М. Қозыбаев атындағы СҚУ ЖҒК өткізетін СҒҚ ғылыми жетістіктерінің көрмелері байқауына қатысты. 23 ақпан күні ТжӘИ СҒҚ көрмесінің тұсаукесері өтті. Презентацияны Жас ғалымдар кеңесі төрағасы П. Петров бастаған жеті адамнан тұратын комиссия бағалады. СҒҚ-ны "Орыс тілі мен әдебиеті" кафедрасының студенттері Е.Яковенко мен Е. Горбатова мазмұнды баяндамамен және жарқын презентациямен таныстырды. СҒҚ-ның 2021 жылы өткізген ғылыми жарияланымдары, ғылыми байқаулардағы жеңімпаз дипломдары, халықаралық және өңірлік деңгейдегі іс-шаралар бағдарламалары сияқты жетістіктері стендтерде ұсынылды.
Байқау нәтижелері 2022 жылдың наурыз айында жарияланады.
Біздің сайыскерлерге жеңіс тілейміз!





