Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Сергектік және денсаулық

17-21 қаңтар аралығында Kozybayev University-де ПОҚ мен қызметкерлер арасында «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы өтті. Қатысушылар спорттың 7 түрінен жарысты. Біздің факультетте оқытушылар құрамы ең аз болғанына қарамастан, біз барлық мәлімделген спорт түрлеріне қатыстық.

Жарыс қорытындысы бойынша Агротехнологиялық факультет командалық 4 орынға ие болды. Бұл ретте «Тоғыз құмалақ» бойынша 1 орын және жүзуден 2 орын екенін атап өтуге болады!

Бұл іс-шара ПОҚ және қызметкерлер арасында дәстүрге айналды және салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

21.01.2022