Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
«Қазіргі білім беру кеңістігіндегі педагог-психолог» атты облыстық семинар
08.12.2021 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі педагог-психолог» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға облысымыздағы білім беру мекемелерінің ұстаздары қатысты. Семинардың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін анықтау және талқылау. Бұл іс-шараның модераторы кафедраның аға оқытушысы – Комкина Татьяна Михайловна болды.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
- білім беру мекемесінің педагог-психологы қызметінің процесі мен нәтижелеріне қатысты педагогтардың күтулері мен қажеттіліктері;
- білім беру мекемесінің педагог-психологы қызметінің мазмұнына педагогтардың ұсыныстары;
- білім беру мекемесінің педагог-психологы қызметінің процесі мен нәтижелеріне қатысты ата-аналардың күтулері мен қажеттіліктері;
- білім беру мекемесінің педагог-психологы қызметінің мазмұнына ата-аналардың ұсыныстары.
Семинар аясында ұсынылған ұстаздардың ұсыныстары «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы 2022 жылға арналған жоспарында көрініс табады.
