"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Оқу инемен құдық қазғандай.

Мақал
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

ТЭҚФ: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Президентінің стратегиясын жүзеге асырады

Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу

Барлығын оқу

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының«Қызықта адамдар клубы» жобасы аясында СҚО ҚХА «Коперник» поляк мәдени ортлығының төрайымы Корнева Валентина Юлюсьевнаның «Отанға махабатпен» монологы

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, бұнда 120-дан астам этнос өкілдері бейбітішілік пен келісімде өмір сүреді. Поляктар Қазақстанның көп тарлған этностарының бірі болып табылады, олардың жаппай қоныс аударуы 1930 жылдары республикаға жер аударумен байланысты.

Мәдениеттің дамуына үлес қосқан поляк халқының өкілдері: Томаш Зан, Ян Виткевич, Густав Зелинский, Адольф Янушкевич, Александр Затаевич, Иван Коцык және т.б. ерекше назар аударады.

Қазақ даласына жер аударылған поляктардың қатарында жоба қонағының атасы мен әжесі болды, ол өз естеліктерімен бөлісіп, олардың тағдыры туралы айтты.

В.Ю. Корнева Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Озерное ауылында орналасқан «Қазақстан жұлдызы» алтарьі жәдігеріне назар аударды, оны поляк католиктері Қазақстан халқына сыйға тартқан еді. Бұл мұра СҚО-ның қасиетті нысандарының қатарына кірді.

Поляктардың тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, олардың Қазақстанның экономикасына, денсаулық сақтауына, білімі мен мәдениетіне қосқан үлесі, сондай-ақ СҚО ҚХА «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығының жұмысы, оның Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасымен және №17 ұлттық жаңғыру орта мектебі-кешенімен өзара іс-қимылы туралы Валентина Юлюсьевна айтып берді. Қонақ этножурналистика саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, жарияланған еңбектерін ұсынды.

Монолог соңында Валентина Юлюсьевна барлық қазақстандықтарға өз Отанына деген сүйіспеншіліктің айғағы ретінде өз қызметі салаларында табандылық пен жетістіктер тіледі. Монологпен толығырақ танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
30.11.2025 18:00